420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды

  • 200
  • UPD: 22:17, 29.08.2020

Арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақ Ливаннан оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев елорда әуежайында дәрігерлерді салтанатпен қарсы алды. Қазақстандық арнайы жасақ Ливанда екі аптадан астам уақыт болған. Әскери дәрігерлер Бейрут, Боуар, Сайда, Машгара қалаларындағы тұрғындарға көмек көрсетті. Онда әскери госпиталь мен муниципалдық ауруханаларда жұмыс істеген. Сонымен қатар қазақстандық әскери дәрігерлер ливандық әріптестерімен бірлескен ем жүргізіп, тәжірибе алмасты.

Ғалымжан Омаров, жетекші хирург, медицина қызметінің полковнигі:

- Бұл шаралар біз үшін және жас дәрігерлер үшін өте маңызды. Өйткені елге көмектесу бар және тәжірибе алмасу бар. Осындай жарақат болған жағдайда қандай көмек керек екенін, оған іріктеу жасау керек екенін білу керек. Жас дәрігерлердің, офицерлердің үйренгені өте дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы