421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел емханаларындағы науқастар саны 6 есе азайды

  • 108
Ел емханаларындағы науқастар саны 6 есе азайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша ағымдағы жағдай және елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Министр баяндағандай қазіргі кезде коронавирус инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылды. Еліміздің емханаларындағы науқастар саны 6 есе азайды 9 қыркүйекте COVID-19 нәтижесі оң болған 106 498 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 73 адам тіркелді. 4 810 адам ем алуда, 100 042 адам ауруханадан шығарылды(94%), 1 646 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар ҚР-да коронавирустық инфекцияның (ПТР-) 28 228 ықтимал жағдайы тіркелген. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орындардың қамтылуы 6 есеге, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6,6 есеге, сондай-ақ КВИ қатысты жедел медициналық көмекті шақыру саны 5,5 есеге азайды.

Емханалар үйде қызмет көрсету форматына көшті, мобильді бригадалардың саны 7,6 есе өсті, бүгінде 3640 мобильді бригада құрылды және бүкіл ел бойынша  жұмыс істейді.

«Біздің еліміздегі, Еуропаның бірқатар елдеріндегі жағдайды тұрақтандыру аясында, тамыздың басынан бастап коронавирус инфекциясының Азияда таралуының күрт өсуі байқалады.Мысалы, аурудың өсуі Италияда, Австрияда, Испанияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда байқалады. ТМД елдерінде аурушаңдықтың орташа өсімі 0,5% құрады, бұл Қазақстандағыдан 5 есе жоғары», — деді А. Цой.

ДДСҰ-ның пікірінше, елдердің Үкіметтері белсенді көшбасшылық рөлді алуы керек, ал адамдар шектеу шараларын сақтауы: маска киіп, жаппай іс-шараларға бармауы керек.

«ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейсустың айтуынша, «бұл соңғы пандемия емес, тарих бізге аурудың өршуі мен пандемияның өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді». Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау федералды басқармасы Қазақстанды одан қайтып оралғаннан кейін карантин сақтауы қажет елдер тізімінен шығарғанын атап өткен жөн. Бұл ретте Швейцарияға басқа елдерден келген адамдар карантинге жіберіледі. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Бұл COVID-19-мен күресудің және Қазақстандағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың тактикасының дұрыс таңдалғанын көрсетеді», — деді министр.

Аурудың таралуын болдырмау және елдегі эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі шектеу шаралары сақталуда.

Сондай-ақ министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Ел бойынша төсек-орындар саны коронавирусқа арналған 54 178 орынды құрайды. Оның ішінде: 16 304 инфекциялық төсек-орын қолданыста, жаңа салынып жатқан нысандардағы орын саны – 2790, басқа стационарлардағы төсек-орын саны – 32 064. Реанимациялық төсек-орын 2 981 орынды құрайды.

2020 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша 19 066 инфекциялық төсек-орын бар, 15%-ы қолданыста. Реанимациялық төсек-орын 14% қамтылған. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар. Тағы қосымша 2 619 дана сатып алынады. Оның ішінде отандық өндірістің 1 500 аппараты бар.

А.Цой мәлімдегендей бүгінгі күні республикада 21 566 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген. Бұл ретте қосымша 9300 төсек-орынмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның 6400-і жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен, ал 2900-ы республикалық бюджет қаражаты есебіненұйымдастырылады. Жеткізу кестесіне сәйкес қыркүйек айында 8600 аппаратты және қазан айында қалған 700 аппаратты жеткізуді аяқтау жоспарлануда. Жедел медициналық көмек қызметін 2020 жылы «ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржы лизингі тетігі арқылы отандық өндірістің 1 167 санитарлық автокөлігімен жабдықтау жоспарлануда. Оны жеткізу ағымдағы жылдың қарашасына дейін аяқталады.

МСАК мобильді бригадаларының жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таңда республика бойынша 3640 мобильді топ жұмыс істейді. Шілде айында олардың саны 1612 болған. Ведомство басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алу есебінен жүзеге асырылады. Өңірлерге ЖМК ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жеткізіледі деп күтілуде.

«Бүгінгі күні аудандық ауруханаларда 132 рентген аппараты бар. Қазірдің өзінде Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстары рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз етілген. Аудандық ауруханаларды қосымша жарақтандыру үшін 11 өңірде қосымша 53 бірлік отандық өндірістің рентген аппараттарын сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ қосымша 15 инфекциялық стационар ашылады. 3,1 мың төсек-орындық 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуды аяқтау жоспарлануда», — деді А. Цой.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.

Бірінші: өңірлер пандемия кезінен бастап 14 млрд теңге сомасына 91 дәрі-дәрмектің атауы бойынша қосымша қажеттілік жариялады. 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап бүкіл ел бойынша инфекциялық және провизорлық орталықтарда қор құрылды. Бірыңғай дистрибьютор 11,44 млрд теңге сомасына 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтті. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сатып алынған қосымша көлемі есебінен жедел толықтырылып отырады.

Екінші: дәрі-дәрмектердің азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру. Бірыңғай дистрибьютор стационарлардағы 60 000-ға жуық пациентті емдеу үшін 8,2 млрд теңге сомасына 44 сұранысқа ие дәрі-дәрмек сатып алады. Бұл шара екінші толқында КВИ емдеу үшін дәрілік заттар бойынша резерв құруға және қажеттілік пен сырқаттанушылықты жоспарлаудағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Үшіншісі: амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Жыл соңына дейін 1 млн адамды қамтитын дәрілік заттардың 5 атауын, қызуды түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтардың жүктемесін жеңілдетуге, амбулаториялық деңгейде CОVID-19 жеңіл түрлерін емдеуге, халықтың дәрілік заттарды сатып алуға жұмсайтын шығындарын азайтуға, мемлекеттің стационарлық емдеуге жұмсайтын шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Төртінші: қазіргі уақытта зертханалық тестілеу қуаты зертханалар санын 80-ге дейін арттыру есебінен ел бойынша тәулігіне 40 000 тестке дейін жеткізілді. Қазір 11 өңірдегі 25 ветеринарлық зертхана тартылды, олар 20 мыңға жуық зерттеу жүргізді.

«Кезекті толқынға дайындық мақсатында зертханалардың қуатын ағымдағы жылдың соңына дейін тәулігіне 63 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуі жақындап келеді. Ағымдағы эпидемиялық маусымға Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация»ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 199 990 дозасын сатып алды. Бұл республиканың халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді», — деді А. Цой.

Министр сондай-ақ жүрек-қан тамыры жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларына шалдыққан адамдар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін алушылар, медицина қызметкерлері вакцинациялауға жататынын еске салды.

«Әкімдерге ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы егуді бастау бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұдан басқа ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы егумен қамту бойынша жұмыс жүргізу қажет. Бұл тұмауға қарсы вакцинациямен қамтуды 14%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Елдің CОVID-19-ға қарсы вакцинаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін вакцинациялауға жататын қауіп топтары анықталды: бұл 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, педагогтар.

Республика бойынша алдын ала саны 2 790 000 адамды құрайды, бұл барлық халықтың 15%-ын құрайды, екі дозалық күнтізбе бойынша 5 580 000 доза қажет болады. Министрлік мынадай вакциналарды: ресейлік «Спутник V» вакцинасын, «AstraZeneca» компаниясының Оксфорд вакцинасын, қазақстандық вакцинаны және т.б. ықтимал сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Біз елдегі және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз. Өңірлерге бағытталған аурудың жағдайын бағалау және оның дамуын болжау әдістемесі жасалды. Енді әрбір өңір эпидемиологиялық жағдайды әр ауданға дейін, ол нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдай отырып, өз бетінше бағалай алады», – деп түйіндеді А. Цой. 


Хабар 24 телеарнасы