426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АШМ кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады

  • 122
  • UPD: 10:29, 11.09.2020
АШМ кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Сараптамалық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Осыған байланысты министрліктің сайтында министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру орналастырылған.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 4 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы