429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұра ауданындағы қырылған үй құстарынан құс тұмауы ресми анықталды

  • 114
  • UPD: 18:04, 24.09.2020
Нұра ауданындағы қырылған үй құстарынан құс тұмауы ресми анықталды

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Изенді және Тассуат ауылдарында қырылған үй құстарынан құс тұмауы ресми анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін олардың саны 104-ке жеткен. Мамандар енді аталған ауылдардағы барлық үй құсын өртеп жібермек. Ал, маңайдағы елді мекендердің құстарына екпе жасалады. Тұрғындарға нарыққа сай, бір тауыққа мың теңге, ал, қаз-үйрекке 3 мың теңге шамасында өтемақы төленеді. Қазір ветеринарлар қос ауылдағы үй құстарының нақты санын есептеп жатыр. Сондай-ақ аталған ауылдарды карантинге жабу мәселесі де қаралуда.

Марат Мұхтаров, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі:

- Нұра ауданының бас ветеринарлық инспекторы аудан әкіміне нұсқама беріп, аудан әкімі қаулы шығарады. Бұған сай карантин шаралары бекітіледі. Сонан соң ережеге сай республикалық бөлім өз жұмыстарына кірісіп, сол округтағы барлық құстар жойлады.

Хабар 24 телеарнасы