Қазақстанда коронавирустан 37 бала емделіп жатыр
- 333
- UPD: 13:19, 26.09.2020

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3410 адам, оның ішінде 37 бала емделіп жатыр.
Стационарларда 1809 науқас, амбулаториялық деңгейде 1601 науқас бар. 92 адамның жағдайы ауыр, 16 адам аса ауыр дәрежеде, 23 науқас өкпені жасанды желдету аппараттарында.
Сондай-ақ Қазақстанда өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 659. Індеттен 1699 қайтыс болды.