427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал өңірінде заңсыз балық аулауға қатысты 256 дерек тіркелді

  • 165
  • UPD: 08:41, 02.10.2020
Арал өңірінде заңсыз балық аулауға қатысты 256 дерек тіркелді

Арал өңірінде заңсыз балық аулау тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз байлығын рұқсатсыз сүзіп, табиғатқа зиян келтірушілермен күрес шаралары жыл басынан бері 335 рет ұйымдастырылған. Оның аясында табиғат заңнамаларын бұзған 256 дерек анықталса, оның 247-сі балық қорын қорғау қағидаларын бұзумен байланысты. Сот қарауына 84 әкімшілік іс жолданып, тиісті шаралар көрілген. «Нақтылай кетсек, 171 тұлғаға 2 миллион 348 мың теңге айыппұл салынып, оның 93%-і өндірілді», - дейді инспекция мамандары.

Есенбай Есіркепов, аумақтық инспекцияның Арал бөлімі басшысы:

- 100 айлық табыс көрсеткіштен жоғары залал келтірсе, Қылмыстық кодекске кетеді де, онда көбінесе рұқсаты жоқ, тыйым салынған ау-құралдар пайдаланады немесе тәсілдер пайдаланады. Бізде негізінен Қытай сеткасымен ұсталады, моноталшықтан жасалған. Уылдырық шашу мерзімі сонымен қатар жаздыгүні ыстық мезгілде болады.

Хабар 24 телеарнасы