427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аңшылар ШҚО ормандарына әскери қару асынып келетін болған

  • 251
  • UPD: 22:16, 05.10.2020

Шығыс Қазақстанда орманды отау тыйылмай тұр. Бір ғана Көкпекті ауданындағы Қоянды орман шаруашылығында 500 текше метр жердің ағашы кесілген. «ҚазАвиаОрманКүзеті» мамандары кезекті рейд кезінде дәл сол аумақта бір топ браконьердің үстінен түсті. Ал Қотан-қарағай ауданындағы тау өзенінде балық аулап жүрген бір азаматтың көлігінен құжатсыз әскери қару мен оқпан толы оқ тәркіленді. 

Күз бен көктемде шығыстағы әр өзен-көлдің жағасы мен тоғайдың сағасында бір аңшыдан жүреді. Көбісі  ең соңғы үлгідегі  моторлы қайық және  жол талғамайтын  көлік мінеді. Табиғат қорғау инспекторларының қарасы көрінген бойда ізін шалдырмай кетеді. Дегенмен соңғы бір аптада   заңсыз аң аулауға қатысты  20 іс қозғалды .

Жақсылық Социалов, табиғат қорғау полициясы  аға  инспекторы:

- Оның  ішінде  16-сы аң аулау кезінде заң бұзғаны үшін. Ал 14 ол балық аулау заң бұзушылық үшін, әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Тек аң мен балық емес  орманды да отайтындар аз емес. Сондықтан әсіресе күз кезінде  әуеден бақылаудың пайдасы зор. Бұл жолы  инспекторлар Көкпекті ауданындағы Қоянды орман шаруашылығында жас ағашты арнайы құраламен кесіп,  екі көлікке тиеп жатқан бір топ адамның үстінен  түсті. Көлік иелерінің қолында тек ағашты тасымалдайтын  рұқсат қағазы ғана бар болып шықты .

- Эта речка выкошена, 500 кубов вырублено по этой речке и это называется знаешь как? Отмазка глаз 

 Көзге көрінгені екі жүк көлігі болғанымен инспекторлар аз дегенде 500 шаршы метр жердің орманы оталғанын айтады. Ол аспаннан шолғанда  анық көрініп тұр. Орманның ортасын ойып тастаған браконьерлерге қатысты хаттама толтырылды.

- Боевое оружие.

- Откуда она?

- Автомат Калашникова?

- Это не Сайгааа... 

Автокөлікке автоматты салып алып Қотанқарағайға келіп балық аулап  жүрген бұл Семейдің тұрғындары.  Олардың көлігінен  еш құжатсыз  әскери қару мен оқпантайы толы  оқ шықты. Қару тәркіленді. Ал  саят құрып, сайран салып балық аулап жүрген азаматтар қаруды қайдан алғанын айтпады. 

Владимир Санаров, «Қазавиаорманқорғау» РМК инспекторы:

- Қарапайым азаматтардың қандай көлік мініп және қандай қару жарақ ұстап жүргеніне куә болдыңыздар. Ал суда ең соңғы үлгідегі  маторлы қайықпен жүзеді. Сондықтан құқық қорғау органдары үнемі оларға жете алмай жүреміз. Тек әуеден болмаса? Ал тікұшақ бардық жерге бірдей қона бермейді. Дегенмен, 1990 жылдар мен 2000 жылдарға қарағанда жаппай заң бұзу анағұрлым азайды.

Инспекторлар күзгі аңшылық маусымы кезінде рейд пен әуеден бақылауға апта сайын шығады. Қалың қар түскенге дейін 1100 сағат аспаннан шолу жасайды.  

Авторлар: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы