427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент әуежайының сатылымы шегерілді

  • 80
  • UPD: 01:13, 10.10.2020
Шымкент әуежайының сатылымы шегерілді

Шымкент әуежайын сенімгерлік басқаруға беретін сауда-саттық өтпей қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған байқауға бір ғана үміткердің қатысуы себеп. Естеріңізге сала кетсек, «мегаполистің әуе қақпасы өзінің дамуына ақша тауып жатқан жоқ» деген желеумен сатылымға шығарылған. Бастапқы құны 5 млрд 200 млн теңге деп бекітілді. Жаңа қожайыны терминалды қалпына келтіруден бөлек, арнайы техниканы жаңартып, табысты ұлғайтуға міндетті. Бұл 10 жылға есептелген 6 миллиард теңге инвестиция салынады деген сөз. Қазір ескі әуежайдың жанында SCAT авиакомпаниясы қаржыландыратын жаңа терминалдың салынып жатыр. Бірақ...

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

- Қазір аэропорт өзі сондай бір айтарлықтай пайда әкеліп жатқан жоқ. Өзінің күнделікті қажеттілігін ғана өтеп отыр. Әр жылда әртүрлі. Былтыр 100 млн теңге пайдамен бітірген. 100 млн деген аэропорт үшін көп емес сома. Егер де екінші конкурста тағы да бір ғана өтінім болатын болса, онда біз үшінші рет конкурс жариялауымыз керек. Егер үшінші рет те бір өтінім болса, сол өтінім берген адаммен келісімшартқа отыруға тиістіміз.

Хабар 24 телеарнасы