423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңірлерде карантин талаптары күшейеді

  • 133
Өңірлерде карантин талаптары күшейеді

Коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты елде карантин талаптары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 қарашада Павлодар қаласының маңына блокбекеттер қойылады. Өңірдегі сауда ойын-сауық орталығы мен азық-түлік емес дүкендердің жұмыс кестесіне өзгеріс енеді. Қызметкерлердің көбі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады. Келер аптада шектеу шаралары Көкшетау мен Петропавл қалаларында да енгізілмек.

Шаһарлардың аумағына блокбекет қойылып, облыс орталығынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын теміржол және әуе қатынастары азаяды. Вокзал және әуежайға шығарып салушылар мен күтіп алушылар кірмейді. Облыс ішінде тұрғындардың бейсауат қозғалуы шектеледі. Қостанайда да карантин талаптары күшейеді. Мұнда жасы 65-тен асқан кісілерге аса қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берілді. Еске сала кетейік, бұған дейін елдің бірнеше өңірінде санитарлық бекет қойылған еді.

Хабар 24 телеарнасы