424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері Оралдың айналасына бекеттер қойылады

  • 235
  • UPD: 14:05, 10.11.2020
Демалыс күндері Оралдың айналасына бекеттер қойылады

Батыс Қазақстан облысында алдағы демалыс күндерінде Орал қаласы мен аудандарға кіріп шығатын тұстарға санитарлық бекеттер қойылады.

Себебі  аймақтағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Тек қараша айының басынан бері аймақта 250 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Шектеу шараларын қатаңдату мерзімі әзірге қарашаның 10-ы мен 23-і аралығын қамтиды. Санитарлық бекеттер сенбі мен жексенбі күндері ғана қойылады. Ол жерде полиция мен медицина қызметкері және эпидемиолог мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ демалыс күндері спорттық нысандар, сұлулық салондары, шаштараздар мен фитнес клубтар жабылады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Өкінішке орай, ауыл мен қалада жиын-тойлар азаяр емес. Ал той-томалаққа барғандардың арасында ауру жұқтырғандар болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы