425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда түнгі рейдтік шаралар күшейтілді

  • 118
  • UPD: 20:57, 10.11.2020

Мониторинг кезінде карантин талаптарын бұзған дәмханалар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес дәмханалар мен мейрамханаларға сағат түнгі 10-ға дейін ғана қызмет етуге рұқсат берілген. Келушілердің саны 30 проценттен аспауға тиіс. Алайда мейрамханалардың бірсыпырасы ережені ескермей, түнімен жасырын жұмыс істеген. Бейнежазбадан санитарлық талаптарды сақтамай отырғандары да анық көрініп тұр. Енді олар 30-бен 200 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл төлейді.

Мақсат Ишимов, қалалық жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

– «Сұлтан Паша» мейрамханасында карантин талаптарын сақтамағаны үшін яғни түнгі сағат 22-00-ден кейін азаматтардың есікті іштен кілттеп алып демалып отырғандығы анықталды. Мейрамхана әкімшілігінен түсініктеме алынды. Ақтау қалалық полиция басқармасына тіркелді.

Жаңаөзенде сағат түнгі 11-ден кейін есігін жауып, 40-тан астам адамды жинаған заңсыз компьютерлік ойынхана анықталды. Маңғыстаулық тәртіп сақшылары карантин кезінде мобильді топ өкілдерімен бірлесіп рейдтік шараларды жыл соңына дейін жалғастырмақ.

Хабар 24 телеарнасы