422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы аулаларда тағы 1000 қауіпсіздік камерасы орнатылады

  • 69
  • UPD: 16:36, 16.11.2020
Елордадағы аулаларда тағы 1000 қауіпсіздік камерасы орнатылады

Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында бейнебақылау камераларын орнату басталады.

Алдағы уақытта қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында 1 мың камера орнатылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бейнебақылау камераларымен тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және саябақ аймақтары қамтылады. Бұл бастама құқықбұзушылық пен ұрлық санын азайтуға бағытталған.

«Қауіпсіз аула» жобасының мәні көп пәтерлі үйлердің аулаларындағы абаттандырудың бұзылуын және қауіпсіздігін қадағалайтын бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету болып табылады.

Құрылғылардың негізгі функциялары – әртүрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін бейнетіркеу және деректерді интеграцияланған өңдеу.

Қазіргі уақытта жаңа процестер мен құралдарды апробациялау жүргізілуде. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу үшін аулалардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ биыл жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілердің және басқа да шұғыл әрекет ету қызметтерінің аула аумағына кедергісіз өтуі үшін тәуліктің кез келген уақытында шлагбаумдарды автоматты түрде ашуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «ақылды шлагбаум» пилоттық жобасы іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы