420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тауарларды тексеретін мобильді қосымша енгізіледі

  • 65
  • UPD: 16:00, 17.11.2020
Тауарларды тексеретін мобильді қосымша енгізіледі

Үкімет отырысында Асқар Мамин тауарлардың заңды немесе заңсыз екенін анықтауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшалардың енгізілетінін айтты.

Олар «Нақты сауда» және «Нақты өнім» деп аталады. Бұдан бөлек еліміздегі бөлшек сауда орындары сканерлермен жабдықталып жатыр. Жалпы тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі отандық нарықты сапасыз өнімнен қорғауға және қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол тері бұйымдары мен темекі өнімдері міндетті түрде таңбаланатынын айтты. Бұл ретте Үкімет басшысы аталған жұмыстардың Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі процесті ескере отырып жүргізуді атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы