423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды

  • 203
Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды

2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мұқтаждықтары үшін Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясын салтанатты тапсыру өтті.

Тікұшақтарды жинау жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Ми-8АМТ – көпмақсатты, әлемдегі екі қозғалтқышты тікұшақ. Бұл тип көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы