419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаарқалық 38 отбасы баспаналы болды

  • 179
Жаңаарқалық 38 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында тұратын 38 отбасы жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ жыл кезегін күткен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына пәтер кілттері тапсырылды.

Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Бұл мақсатқа қазынадан 117 миллион теңге қаржы бөлінген. Айта кету керек, биыл бірінші рет ауданда көпқабатты үйлерден бөлек екі жанұяға арналған 7 жер үй бой көтерді. Әрқайсының аумағы орташа есеппен 80 шаршы метрден асады. Бөлмелері кең, заман талабына сай жасалған. Жыл соңына дейін тағы 48 отбасына пәтер берілмек. Қазіргі күні Жаңарқа ауданы бойынша 500-ден астам адам үй кезегінде тұр.

Мөлдір Жанбекова, Жаңаарқа ауылының тұрғыны:

– Өте қуаныштымын, ризамын. Бүгін осы мереке қарсаңында бізге тамаша сыйлық сыйлап отырғанына. Көптен күткен арманымыз орындалды.

Хабар 24 телеарнасы