419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

  • 152
  • UPD: 23:15, 29.12.2020
Алматыда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Әлемді шарпыған қауіпті індетпен күресуде дәрігерлердің еңбегі ерен. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры да қаладағы дәрігерлерге жаңа жыл қарсаңында ерекше сый жасады.

Театр ұжымы оларға Мария Ладоның «Адамзат» спектаклін тегін қойып берді.

Театр артистерінің айтуынша, бұл бір реттік шара емес, олар басқа да қойылымдарды жоспарлап отыр.

Азамат Сатыбалды, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

- Анау еңбекті, көргенде анау жанкештілікті көрген кезде бір ғана шапалақ ұрып, бір ғана спектакльмен алғыс айту аздау деп  ойлаймын. Сол үшін біз осы іс-шараны бастадық. Және де біздің ұжымның атынан және бүкіл елдің атынан ақ халатты абзал жандарға біз алғысымызды айтамыз. Дәл  осылай. Аман болыңыздар дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы