421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бір айда бес ұрлық жасаған ер адам ұсталды

  • 312
  • UPD: 10:56, 30.12.2020
Елордада бір айда бес ұрлық жасаған ер адам ұсталды Экспресс К

Елорданың «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасы қызметкерлері жеке мүлікті бірнеше рет ұрлады деген күдікпен 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеп-тексеру барысында оның желтоқсан айында ғана 5 рет ұрлық жасағаны анықталды. Ер адамның курткасын және Kaspi Bank картасын, жалпы құны 180 мың теңге тұратын екі велосипедті, әйел адамның курткасын,  сөмке мен қысқы аяқ киім ұрлаған.

Барлық эпизодтар бойынша ер адам  жасаған іс-әрекетін мойындады, сондай-ақ заттарды бөгде адамдарға өткізіп жібергенін, түскен ақшаны спирттік ішімдікке жұмсағанын айтты.

Қазіргі кезде күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оның елорда аумағында осы секілді бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы