369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде 5 адамды жылан шағып алды

  • 405
  • UPD: 12:15, 25.07.2018
Өскеменде 5 адамды жылан шағып алды

Жалпы облыс көлемінде жапа шегушілердің саны әлдеқайда көп.

– Жыл басынан бері ШҚО бойынша 19 адамды жылан шаққан болса, оның бесеуі Өскеменнің тұрғыны, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Мұхамеджанов.

Бұл оқиғалардың қай жерде және қандай жағдайда болғанын басқарма өкілдері нақты атамады. Ал жалпы жыландар негізінен Өскеменнің ЖМК, Аблакетка аудандарында көптеп кездеседі.

Егер жылан шаққан жағдайда №1 қалалық ауруханадағы травматологиялық орталықтың көмегіне жүгінуге болады. Балалар жарақат алған жағдайда Ана мен бала орталығындағы травматологиялық бөлім жәрдемдеседі.

altaynews.kz

Осы категория бойынша: « Павлодарда әйел адам 11-қабаттан құлады Қарағандыда көпқабатты үйден жылан шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы