366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

  • 116
  • UPD: 13:19, 21.09.2018
Қостанай облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды ic24.kz

Қостанай облысында жүргізілген шұғыл алдын алу шарасы барысында адам саудасымен айналысудың 6 фактісі анықталды.

Үш күннің ішінде жеңгетайлықты кәсіп еткен 5 күдікті және жеңіл жүрісті 15 қыз ұсталған. Қостанайдағы сауналардың бірінде жыныстық қызмет көрсеткен 21 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткендердің санатында болған. Ақмола облысының тұрғынын туыс-туғандары, полиция қызметкерлері біраздан бері іздестіріп жүр екен. Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері адам саудасына қатысты 33 қылмыстың беті ашылған.

Хабар 24 телеарнасы