378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 13 пен 14 жастағы балаларды көлік қағып кетті

  • 282
  • UPD: 17:18, 15.02.2019
Қарағанды облысында 13 пен 14 жастағы балаларды көлік қағып кетті Upl.uz

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

15 ақпан күні сағат 14.00 шамасында 31 жастағы «Лада приора» автокөлігінің жүргізушісі Шахтер даңғылынан Бөкетов көшесіне қарай бағыт алып бара жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер белгісінде 13 және 14 жастағы екі жолаушыны қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуішілер ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы