384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылысқа байланысты медициналық штаб құрылды

  • 738
  • UPD: 15:38, 24.06.2019

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылғанын хабарлайды.

«Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың тікелей басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады осы ведомоствоның баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова телефон арқылы.

Мира Сүлейменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Қазіргі таңда Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көлігі Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Көлік көлемі жеткілікті. Қазіргі кезде жарақат алғандар туралы нақты ақпарат жоқ. Ауруханада жатқан бірде-бір науқас жоқ.

Оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. 

Осыдан соң Қазақстан президенті жауапты мекемелерге Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 34 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы