389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда алапат дауылдан ағаштар құлады

  • 198
  • UPD: 15:15, 20.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел тұрып, ағаштар құлады. Ауа  райының қолайсыздығынан Петропавлдағы бірнеше ықшам аудан мен қала іргесіндегі елді мекендер жарықсыз қалды.

Кеше кешкісін Петропавлда дауыл соғып, көшелерді астан кестен қылды. Қалада ағаштар құлап, бұтақтар ұшып, бірнеше ықшам ауданның тұрғындары тас қараңғыда қалды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Желдің қатты болғаны соншалық, тіпті мына бір ауладағы ескі талды тамырымен бірге жұлып әкеткен. Әйтеуір ағаш ары қарай құлап, ешкімді басып қалмаған.

Евгения Мировая, қала тұрғыны:

- Біздің көшіп келгенімізге 44 жыл болды. Бұл ағаш сол кезден бері тұр. Шіріп кеткен Кесіңдер деп бірнеше рет айтттық. Ешкім тыңдамайды. Қайта түнде құлаған. Күндіз оның астында балалар ойнап жүреді. 

Қазір қаланы ағаш бұтақтары басып қалған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Ал жел бүгін де өз күшінде тұрады. 

Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры:

- Облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды. Бұл Ресей жақтан келген циклонның ықпалы. Желдің екпіні 28 метрге дейін көтерілді. Ал Тайынша, Тимирязев аудандарында 30 метрге дейін жетті. 

Қатты желден Петропавл мен 11 ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. Таңға дейін қала жарыққа қайта қосылды. Ал елді мекендер бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 

Айдархан Мусин, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі күні 6 елді мекен электр желісіз отыр. Ол жұмыстар бүгінгі күннің соғына дейін аяқталып, электрмен қамтамасыз етіледі. 

Коммуналдық қызметкерлер көшелерді ретке келтіруге кірісіп кетті. Бірақ тұрғындардың үрейі басылған жоқ. Өйткені, қалада ескі ағаштар өте көп. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы