378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында такси жүргізушісі 16 жылға сотталды

  • 256
  • UPD: 10:29, 28.10.2019
Алматы облысында такси жүргізушісі 16 жылға сотталды ҚазАқпарат

Алматы облысында өз танысын өлтірген такси жүргізушісі сотталды.

Ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Іс Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы 14 маусымда 47 жастағы ер адам Алматы – Өскемен тас жолында Айнұр Қасымованы тонап, өлтіріп кеткен. Әйел жоғалып кеткеннен кейін туыстары полицияға арыз жазан. 

«Үйіне барар жолда әйел ұялы телефон арқылы туыстарымен сөйлесіп, көлік бұзылған соң, ол «жолшыбай кетіп бара жатқан» көлікке мінгенін хабарлаған. Алайда туыстарына бұл хабарламаны такси жүргізушісі жібергені белгілі болды. Сотта сотталушының Қасымовадан қарыз алып, уақтылы қайтара алмағаны анықталды. Қасымованың Ақсу ауданындағы ауылға бара жатқанын естіген сотталушы жеткізіп салуды ұсынған. Сонымен қатар ол әйелдің қомақты қаражаты барын білген. Жол-жөнекей ол әйелді өлтіріп, заттарын иемденген», – деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.   

25 қазанда ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі ең жоғары мекемеде өтейтін болады.

Айта кетейік, Айнұр Қасымова 2019 жылы маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Әйел туған ауылындағы салтанатты шараға асыққан. Өзімен бірге жарты миллион теңге болған. Ол өзіне 300 мың теңге қарыз болған танысының көлігіне отырған. Ол ақшаны қайтарамын деп өлтіріп тастаған. Өзіне күдікке ілінбес үшін ер адам әйелдің туыстарына оның басқа таксиге отырып кеткенін айтқан. Кейін полицейлер оны ұстады. Ол адам өлтіргенін айтты және қайда көміп тастағанын көрсетті. 

Хабар 24 телеарнасы