375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды

  • 157
Қостанайда екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін «Қостанай-Сарыкөл» тасжолының 15-шақырымында болған. 44 жастағы ер адам басқарған «Мицубиси Лансер» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ 2170» көлігіне соқтығысқан. «33 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі оқиға орнында, 5 жасар бала облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. «Мицубиси Лансер» жолаушысы жедел-жәрдем қызметінің көлігінде көз жұмды. Осы факт бойынша сот алды тексеру шаралары басталды, сараптама тағайындалды», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне. Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерін барынша сақ болуға шақырады. Алдағы аптада облыстың тасжолдарында көктайғақ болатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы