445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда жатақхана өртінен 1 адам қаза тапты

  • 146
  • UPD: 12:14, 17.02.2020
Көкшетауда жатақхана өртінен 1 адам қаза тапты

Көкшетауда көп қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 1 адам қаза тапты. Оқиға өткен түнде сағат 2:00 шамасында  болған.

Бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірі өртке оранып, нәтижесінде үйдің біраз бөлігін қою түтін басқан. Ал, тілсіз жау баспанадағы 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Осылайша аталған үйде тұратын 120 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал олардың 25-і бала.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндіру көлігі келердің алдында қызыл жалын шыққан пәтерден тұрмыстық жанжал салдарынан 35 жастағы ер адам пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейіннен ол емдеу мекемесінде көз жұмған. Ал онымен бірге тұратын келіншек те дене жарақаттарымен ауруханаға түсіп, қазір ол да ауыр халде жатыр. Бұдан бөлек тағы 5 адам ыстан уланып, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген. Қазір өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы