412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есентай өзеніне лас көбіктің қайдан төгілгені тексеріліп жатыр

  • 195
  • UPD: 14:33, 20.05.2020
Есентай өзеніне лас көбіктің қайдан төгілгені тексеріліп жатыр

Алматыда Есентай өзенінде кір көбік пайда болды. Мамандар сараптама жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есентай өзеніндегі сабындікіне ұқсас лас көбіктің суреттерін Facebook-те алматылық Ольга Гумирова жариялады. Айтуынша, бұл бұл бірінші рет емес.

«15 мамыр күні шамамен кешкі сағат 16:00-де өзеннің бетінде көбік пайда болды. Таныс санитар дәрігердің пайымдауынша, өзенге жолды өндейтін реагент ағып келген», – деп жазды ол.

Осыған байланысты қаланың жасыл экономика басқармасы 19 мамырда көшпелі жиын ұйымдастырды.

«Жиынға қаланың жасыл экономика басқармасы, Медеу және Бостандық ауданы әкімдіктері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері мен өтініш берушілер қатысты. Зерттеу жүргізу үшін су мен көбік сынамасын алу туралы шешім қабылданды. Талдау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады» деп толықтырды басқармадан.

Хабар 24 телеарнасы