429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шуда пойыздың вагон-цистернасында суретке түспек болған жігіт қатты күйік алды

  • 317
  • UPD: 16:10, 26.05.2020
Шуда пойыздың вагон-цистернасында суретке түспек болған жігіт қатты күйік алды

Пойыздың вагон-цистернасына мініп фотоға түспек болған Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны жазатайым оқиғадан қатты күйік алды.

Жылдың басынан бері көлік полицейлері теміржол төсемінің белгіленбеген жерлерінен өткен 9569 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ адамдардың болуымен байланысты пойыздарды шұғыл тежеудің 184 фактісі тіркелген. Оның ішінде биылдың өзінде теміржол көлігімен жарақат алудың 44 фактісі тіркеліп, оның жартысынан көбі өліммен аяқталған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамырда Шу қалалық ауруханасының қызметкерінен жедел медициналық жәрдем бригадасымен электрокүйікпен қабылдау бөлмесіне жас ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында полицейлер зардап шеккен азаматтың Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Аталған азамат 24 мамыр күні сағат 20:30-да Шу станциясының 32-ші тақ паркінің электрлендірілген жолындағы жүк поезының құрамында тұрған вагон-цистернаға суретке түспекші болып, өрмелеп шыққан.

Нәтижесінде ол 50% дене және аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ дәрежелі электротермиялық күйігін алды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы