427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда көлік басып кеткен қыз оқиға орнында жан тапсырды

  • 325
  • UPD: 14:55, 17.07.2020
Ақтауда көлік басып кеткен қыз оқиға орнында жан тапсырды

Ақтауда 17 шілдеге қараған түні 7 және 7А шағын аудандарының арасындағы жолда бір қызды көлік басып кетті.

Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға сағат 03:40-та «Топ Стоп» дүкеніне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Қыз оқиға орнында қаза болды.

Жол апатына 1983 жылы туған Lada Granta көлігінің жүргізушісі себеп болғандығы анықталды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта жүргізуші Ақтаудың полиция бөлімінде.

Хабар 24 телеарнасы