420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл суға түсу маусымында 239 адам суға батып кетті

  • 156
  • UPD: 17:15, 01.09.2020
Биыл суға түсу маусымында 239 адам суға батып кетті

1 қыркүйек күні елімізде суға шомылу маусымы аяқталды. 

ІІМ ТЖК суға шомылу маусымының қорытындысын шығарды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы құтқарды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым мен 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды.  

Сонымен қатар суға шомылу кезеңінде 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп көз жұмды. 

Тек суға шомылу маусымының соңғы аптасында (24-31 тамыз аралығында) Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Шымкент қаласында 14 адам, оның ішінде 3 бала суға батып көз жұмды.

Биылғы суға шомылу маусымында Алматы – 35, Шығыс Қазақстан – 31, Түркістан – 23 облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны көп болды.

Елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталды, 6 020 ескерту белгісі орнатылды.

1 маусымнан бастап 33 мың  рейд және патрульдеу жүргізілді, 6 355 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 14 млн астам теңге айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы