421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Зайсан ауданында күшті желден үйлердің шатыры ұшып кетті

  • 177
  • UPD: 13:32, 05.09.2020
ШҚО-ның Зайсан ауданында күшті желден үйлердің шатыры ұшып кетті

Кеше сағат 18:00 шамасында ШҚО-ның Зайсан ауданы Қаратал ауылында қатты дауыл соқты, деп хабарлайды Altaynews.

Жойқын жел К.Рамазанов көшесіндегі жарық бағаналарын майыстырып, жиырмаға жуық үйдің, лапастардың шатырларын жұлып әкетіп, тағы бірнеше үйдің қоршауларын қиратып кетті. Құйын шатырларды түбімен жұлып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайды анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы