432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

  • 104
  • UPD: 12:22, 29.09.2020
Павлодарда жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті фото: gazeta.ru

Павлодарда жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 46 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында ВМW-520 автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 46 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізіледі. Осы орайда, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз», - деді облыстық полиция департаментінде.

 

Хабар 24 телеарнасы