422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмды

  • 148
Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмды inform.kz

Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні Самара-Шымкент жолының 290-шақырымында болды. Сағат 16.17-де Теректі ауданы Бекей ауылы маңында «ВАЗ-2105» көлігі «Mercedes Bens Aktros» жүк көлігімен түйісті. Жедел құтқару жасағының күшімен «ВАЗ-2105» көлігінде қыстырылып қалған 35 жастағы жүргізуші мен онымен құрдас жолаушы шығарылды. Жүргізуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы