360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент бастамалары қалай жүзеге асуда?

  • 149
  • UPD: 21:19, 09.10.2018

Елбасының Жолдауда жүктеген міндеттері мінсіз орындалуы тиіс. «Нұр Отан» партиясы оны жіті бақылауына алады. Билік партиясының өкілдері бүгін арнайы мәлімдеме жасап, бақылау-қадағалау жұмыстарына білек түріп кіріскендерін айтты, деп хабарлайды «Хабар24».

Президент Жолдауындағы мақсат-міндеттердің мінсіз орындалуын «Нұр Отан» партиясы қатаң бақылауға алады. Бүгін елордада өткен арнайы жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді. Осы жерде Партия өкілдері «Жазушылар одағы» өкілдерімен бас қосып, Елбасы Жолдауында айқындалған 6 бағытты егжей-тегжейлі талқылады. Соңында екі жақ ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Айта кетейік, қоғамдық һәм партиялық бақылау Елбасының бес әлеуметтік бастамасын да қамтитын болады.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысының сенімді саяси тірегі ретінде Жолдаудың мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіріп, осы бағыттағы жұмыстарға жүйелі түрде қоғамдық бақылау жүргізетін болады. Осындай елдің игілігіне бағытталған істен Жазушылар одағы да тыс қалмайды деп сенеміз. Өйткені халыққа ең жақын топтың бірі – сіздер, яғни зиялы қауым екені белгілі.

Бұған қоса бүгін Президенттің бес әлеуметтік бастамасын бақылау бойынша қоғамдық кеңесте де Жолдауға қатысты тетіктер талқыланды. Өйткені Үндеуде де, бес әлеуметтік бастамада да ұштасып жатқан мәселелер көп. Оның ішінде 7-20-25 бағдарламасы негізгі тақытыптардың бірі болды. Өйткені оның орындалуы ақсап тұр. Әсіресе, ауылдағы ағайындар үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізу қиындау. Бұл жерде негізгі мәселе алғашқы жарнаға қатысты. Яғни баспананың 20 пайызын жинау ауыл тұрғындары үшін оңай емес. Бұған өңір-өңірді аралап, халықпен бетпе-бет жүздесіп келген депутаттар көз жеткізіп отыр. Енді бұл мәселені реттеу үшін облыс әкімдеріне бюджеттен субсидия беру міндеттелмек. Жиында бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты және қажетті басқа да тетіктер талқыланды. Ұтымды ұсыныстар болды. Нақты шешімдер қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы