389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Журавлев: Тәуелсіздік күні – жас мемлекет пен ұлы халық үшін айтулы мереке

  • 629
  • UPD: 15:21, 17.12.2018

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның егемендігі жайлы заң қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 жыл ішінде мемлекеттің атағы әлемге аян. Өңірлік мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журалевтың айтуынша, қазақ елі жаһандағы беделді дәрежеге ие, әрі халықаралық келіссөздердің орталығы саналады.

Дмитрий Журавлев, Өңірлік мәселелер институтының бас директоры:

- Бұл – жас мемлекет пен ұлы халық үшін айтулы мереке. Мемлекеттің бүгінгі қарқыны күшті. Дамып келеді. Ресейліктер бұл жетістіктерге қатты қуанады. Достығымыз баянды болады деп үміттенемін. Әрине, мемлекеттің дамуы Президенттің көрегендігіне тікелей байланысты. Қазақстанның өзге Азия елдерінен ерекшелігі де осында. Назарбаевтың стратегиялық ой-өрісі, болашақты болжай білетін қасиеті осындай нәтижеге алып келді.

Хабар 24 телеарнасы