377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды

  • 93
  • UPD: 13:48, 23.03.2019
Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді.

Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, «Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы