378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұңғыш Президент қорының жұмысы пысықталды

  • 49
  • UPD: 23:47, 17.05.2019
Тұңғыш Президент қорының жұмысы пысықталды

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында қордың жыл басынан бері атқарылған жұмыстары сөз болды. Оның ішінде әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына баса мән берілді. «Бұл бастамалардың бір парасы талантты жастарды қолдауға бағытталған», – деді Әсет Исекешев. Сондай-ақ ол Елбасыға білім, мәдениет, халықаралық қатынас салаларындағы жаңа бағдарламалар мен бағыттарды баяндап, саралау-талдау жұмыстарын күшейту тұрғысында ұсыныстарын ортаға салды.

Хабар 24 телеарнасы