384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде ТМД елдері Қауіпсіздік кеңес хатшыларының VII кездесуі өтті

  • 222
  • UPD: 07:52, 21.11.2019
Ресейде ТМД елдері Қауіпсіздік кеңес хатшыларының VII кездесуі өтті

Мәскеуде ТМД елдері Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының жетінші кездесуі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум барысында түрлі қауіп-қатерлерге байланысты өзара әрекеттесу мәселелері талқыға салынды. Жиналғандар киберқауіпсіздік, химиялық-биологиялық қарудың қатері мен Ауғанстандағы жағдайды тілге тиек етті. Қазақстан Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов діни-экстремистік ұйымдардың ықпалына қарсы бірлесе іс-қимыл жүргізу қажетітігін атап өтті. Сондай-ақ ол Беларусь, Ауғанстан, Өзбекстан мен Армения елдерінің Қауіпсіздік кеңес хатшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Олар жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жөніндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара әрекеттесу туралы бірқатар құжатқа қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы