433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға 10 мың тонна ұн жібереді

  • 486
  • UPD: 21:10, 30.04.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гуманитарлық көмек Қостанай мен Қарағанды қалаларынан жөнелтіледі. Қырғыз еліне көмектің алғашқы 800 тоннасы жеткізілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Таяу арада отандық өнім Тәжікстанға жөнелтіледі. Бұл ұнды екі елдің үкіметі ең әуелі әл-ауқаты төмен халыққа үлестірмек.

Уәлихан Төреханов, ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры:

– Биыл 29 сәуірде ұн түрінде жіберілген ізгілік көмектің алғашқы партиясы 800 тонна ҚР жеткізілді.  Қазіргі таңда қалған 4200 тонна ұн Қырғызстанға жөнелтіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы