432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды

  • 361
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

А.Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әр жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылғы сәуір айына дейін — ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы — ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2019 жылғы сәуір айынан қазірге дейін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып еңбек етті.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

 

Хабар 24 телеарнасы