382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық балуандар 6 бірдей салмақта әлем чемпионы атанды

  • 667
  • UPD: 22:11, 29.10.2017

«Барыс Аренада» қазақ күресінен әлем біріншілігі аяқталды.

39 елден келген 167 спортшы тоғыз салмақ дәрежесі бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады.

Жүлденің екеуі өзбек балуандарына бұйырды. Абсолюттік салмақта грузиндік Гуга Кибордзайдзе ешкімге дес бермеді.

Ал қазақ елінің спортшылары 6 бірдей салмақта чемпион атанды. Бүгін 60 келіде Қуаныш Ысқақов финалда түрік жігіті Ресул Сомезді ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді. Қармақшылық Ғалымжан Әбдірахманов та Әлем чемпионы. Ғалымжан финалда Куба балуаны Тарлос Исмаилды ұтты. 66 келілік салмақта Қасымхан Төленбай өзбек Аброр Жабборовты жеңіп, дүние жүзінің мықтысына баланды.

Қасымхан Төленбай, қазақ күресінен Әлем чемпионы:

- Осы белдесуде Куба және Грузия балуандарымен қиын болды. Қазақша күрес болғаннан кейін қалайда жеңіске жету керек болды.

Есіл Рахметов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Қазақстан балуандары өте тамаша өнер көрсетіп жатыр. Бес, алтауы чемпион болды. Сонымен қатар Моңғолия және Куба, Грузия елінің, басқа да мемлекет балуандары осы қазақ күресінің әдіс тәсілін жақсы меңгерген сияқты.

Хабар 24 телеарнасы