387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кудодан ҚР кубогы сарапқа салынды

  • 522
  • UPD: 18:34, 31.01.2018
Кудодан ҚР кубогы сарапқа салынды

Оралда кудошылар Қазақстан кубогын сарапқа салды.

Жарысқа 6 облыстың 60-тан астам спортшысы қатысты. Шығыс жекпе-жегі түрлерінің ішінде ең жасы саналатын кудо біздің елде 2010 жылдан бері қанат жая бастады.

Мұнда каратэ, дзюдо, муай-тай тәсілдері қолданылады, ұрып-тебуге де, күресуге де болады. Нағыз ұрыс өнері саналатын жекпе-жек түрімен мыңдаған өрен шұғылданады.

Жарыс қорытындысы бойынша батыс қазақстандық спортшылар ел кубогын еншілеп, жалпы командалық есепте жеңіске жетті. Қостанай кудошылары екінші, Ақтөбелік спортшылар үшінші орынға ие болды.

Дархан Темірәлиев  жарысқа қатысушы:

Мен негізі каратэмен айналысамын. Өзімді сынап көрейін деп, кудоға бірінші рет шықтым. Каратэден айырмашылығы бар. Барынша қатты соққы жасауға болады. Кудо жекпе-жегі көбіне ұнайды

Хабар 24 телеарнасы