386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Паралимпиададағы жалпымедальдық есепте Қазақстан құрамасы үздік жиырмалықта

  • 362
  • UPD: 17:58, 16.03.2018
Паралимпиададағы жалпымедальдық есепте Қазақстан құрамасы үздік жиырмалықта

Александр Колядиннің алтын жүлдесі Паралимпиада ойындарындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасын үздік жиырмалықтың қатарына қосты.

Қазір жерлестеріміз 16-сатыда тұр. Тізімнің көш басында АҚШ спортшылары келеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 12 күміс және 7 қола жүлде бар. Екінші орында Паралимпиаданың бейтарап туымен сынға түсіп жатқан Ресей құрамасы болса, Германия спортшылары үздік үштікті түйіндеді. Қысқы Паралимпиада ойындары осы аптаның соңына дейін жалғасады. Сондықтан тізімде әлі бірқатар өзгеріс болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы