380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис және оның достарының мұз шоуы шақырады

  • 390
  • UPD: 17:03, 07.06.2018
Денис және оның достарының мұз шоуы шақырады zakon.kz

Алдағы сенбіде Астанадағы «Барыс Аренада» Денис Тен және оның достарының кезекті мұз шоуы өтеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері көрерменге жаңа бағдарламасын паш етеді. Биылғы мұзды шоуға шетелден мәнерлеп сырғанау спортының 17 жұлдызы қатысады. Атап айтқанда, италиялық Каролина Костнер және ресейлік Елена Радионова секілді танымал қыздар бар. Шетелдік спортшылардың кейбірі Астанаға тұңғыш рет келіп отыр.

Денис Тен, мәнерлеп сырғанаушы:

- Біздің шоуға шетелден саяхатшылар көп келеді. Биыл 100-ден аса жанкүйерді күтіп отырмыз. Олардың көбі Жапония мен Қытай, Кореядан келіп жатады. Біз Германия, Израиль, Түркиядан өтініш бергендерге де виза жағынан көмектестік. ТМД елдерінен де сұрап жатқандар бар. Олардың бәрін бақылау мүмкін емес. Сондықтан биыл мұзды шоуға келетін шетелдіктерге арнайы сыйлығымыз бар деп мәлімдедік.

Хабар 24 телеарнасы