365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды

  • 438
  • UPD: 15:21, 26.08.2018

Құрлықтық додаға 20 мемлекеттен 80 спортшы келді.

Жергілікті балуандармен қатар Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Моңғолия сынды елдердің өкілдері боз кілемде бақ пен бап таластырып жатыр. Сондай-ақ Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланкадан келген спортшылар қазақ күресі жарысына алғаш рет қатысуға мүмкіндік алды. Өйткені Азия чемпионатының жалауы тұңғыш рет желбіреп отыр. Бұған дейін бұл спорт түрінен әлем және Еуропа біріншіліктері өткен болатын.

Айта кетейік, жарыс 9 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр және оның жүлде қоры – 10 миллион теңге.

Ұлан Рысқұл, Халықаралық қазақ күресі федерациясы бас хатшысының кеңесшісі:

- Жапония, Тәжікстан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан секілді 5 елден келді. Жаттығу жасап, қазақ күресінің қыр-сырын көрсетті. Серік Бердімұрат деген бауырымыз бар. Жай балуандар емес, өздерінің ойып алар орны бар балуандар келіп отыр.

Осы категория бойынша: « 26 тамыз. Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы