389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада Элизабет Тұрсынбаева шеберлік сабағын өткізді

  • 626
  • UPD: 16:29, 30.12.2018
Қызылордада Элизабет Тұрсынбаева шеберлік сабағын өткізді inform.kz

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қызылордалық жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде 4 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысатын ізбасарларын аталмыш спорттың қыр-сырына қанықтырды. Сондай-ақ сабақ барысында жас спортшылардың шеберлігі шыңдалып келе жатқанын атап өте келе, оларға өзінің жылы лебізін білдірді. Мәнерлеп сырғанау спортынан облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдованың бұл бағытта атқарып жатқан жұмысына оң баға берді.

Хабар 24 телеарнасы