389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» «Амурды» жеңді

  • 754
  • UPD: 22:36, 08.01.2019
ҚХЛ: «Барыс» «Амурды» жеңді inform.kz

Астаналық «Барыс» елордада құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізіп, Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі команда биылғы құрлықтық хоккей лигасында үшінші мәрте кездесіп отыр. Екі ойында да Қиыр Шығыс клубы жеңіске жеткен еді. 2018 жылдың 14 қарашасында Астанада «Барыс» аталмыш қарсыласына 5:6 есебімен жол берді. Екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан «Барыс» бүгінгі кездесуде есе қайтаруға шындап кірісті. Дегенмен «Амур» да оңай шағылатын жаңғақ емес екенін аңғартты. Алдымен «Барыс» хоккейшісі Брэндон Боченски 18-минутта есеп ашты. Алайда бірінші кезең тең нәтижемен аяқталды. Бірінші кезеңнің аяқталуына небәрі 1 секунд қалғанда Томаш Зогорна мергендігімен көзге түсті. Есеп 1:1.

Екінші және үшінші кезең де дәл осылайша өрбіді. Екінші кезеңнің 28-минутында Патрис Кормье өз командасын алға шығарды. Ал 48-минутта Кирилл Рассказов таразы басын теңестіріп кетті. Арада екі минут өткенде «Барыс» хоккейшісі Егор Петухов алыстан қақпаны дәл көздей білді. Есеп 3:2. Қорытынды есеп 58-минутта түйінделді. Оны «Барыс» сапынан Дастин Бойд соқты. Есеп 4:2. «Барыс» жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» сырт айдындағы бұған дейінгі төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Елордалық клуб 28 желтоқсанда Челябіде «Тракторды» 0:3 есебімен ойсырата жеңсе, одан кейін 30 желтоқсанда Омбыда «Авангардқа» буллиттен 3:4 есебімен ұтылып қалды . Біздің хоккейшілер Мәскеу қаласында жергілікті «Спартактан» 3 қаңтарда 3:2 есебімен басым түсті. Ал 3 қаңтарда Сочиде «Сочиді» 3:0 есебімен қапы қалдырды. «Барыс» енді Астанада қатарынан төрт ойын өткізеді. Алдымен 10 қаңтарда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар», 14 қаңтарда Сочидің «Сочи», 15 қаңтарда Мәскеудің «Спартак», 17 қаңтарда Уфаның «Салават Юлаев» командаларын қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы