378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Леброн Джеймс Коби Брайанттың рекордын қайталады

  • 314
  • UPD: 15:50, 26.01.2019
Леброн Джеймс Коби Брайанттың рекордын қайталады Р-Спорт

«Лос-Анджелес Лейкерс» сұрмергені Леброн Джеймс жанкүйерлердің, БАҚ және ойыншылардың дауыс беру нәтижесінде ҰБА Жұлдыздар ойынының негізгі құрамына енді.

Осыған дейін ол қатарынан 14 рет жұлдызды кездесуге қатысқан, деп жазады kaz.vesti.kz. Осылайша ол Жұлдыздар ойынына қатысу көрсеткіші бойынша Коби Брайантқа тиесілі рекордты қайталады.

Сонымен қатар, Жұлдыздар ойынына кемінде 15 рет қатысқан баскетболшылар тізімінде Тим Данкан, Кевин Гарнетт, Шакил О'Нил (барлығы 15 рет), Коби Брайант (18) және Карим Абдул-Джаббар (19) бар.

Джеймс көпшіліктің дауысына ие болып, командалардың бірінде капитан болады.

ҰБА 2018/19 маусымының Жұлдыздар ойыны 17 ақпанда Шарлотт қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы