378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Катар құрамасы футболдан Азия кубогында алғаш рет жеңіске жетті

  • 301
Катар құрамасы футболдан Азия кубогында алғаш рет жеңіске жетті Vesti.kz

Катар құрамасы футболдан Азия кубогының ақтық ойынында Жапонияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің шешуші ойыны Абу-Дабиде өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. Катарлықтардан 12-минутта Али Алмоез, 27-минутта Абдулазиз Атем доп кіргізді және 83-минутта Акрам Афиф пенальти теуіп, жеңіске жетті. Ал жапондарда 69-минуттағы жалғыз голдың авторы Такуми Минамино болды.

Катар құрамасы алғаш рет тарихта Азия чемпионатын жеңді, ал жапондар финалда бірінші рет жол беріп отыр, мұның алдында олардың еншісінде төрт жеңіс бар.

Хабар 24 телеарнасы