378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулық теннисшілер Шарджада сайыстан 8 медаль жеңіп алды

  • 291
  • UPD: 22:41, 17.02.2019
Атыраулық теннисшілер Шарджада сайыстан 8 медаль жеңіп алды

Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында бүкіләлемдік IWAS 2019 ойындары өтті. Иманалиева Гүлнар бастаған үстел теннисінен Атырау облысының төрт спортшысы сынға түсіп, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Жұптық сайыста Әли Мақұлбеков  алматылық спортшымен бірге чемпион атанды. Жекелей абсолюттік сайыста да Әли барлық қарсыластарынан басым болып, екінші алтын медальді еншіледі. Берекет Ақжігітов  командалық сайыста Қостанай мен Павлодар спортшыларымен бірге күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір күмісті Параазиада ойындарына қатысушы Ерлан  Қазиев  жекелей сайыста жеңіп алды. Жұптық сайыста Ерлан Қазиев  пен Кенгес  Конгиев  қола медальға ие болды. Одан бөлек жекелей сайыста Әли Мақұлбеков пен Кенгес Конгиев және Берекет  Ақжігітов қола медальға ие болды.

Айта кету керек, параспортшылар арасында өтетін әлемдік ойындар 2 жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Соңғы рет 2017 жылы Португалия елінде өтті.

Хабар 24 телеарнасы