379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жітіқарада ауқымды сауықтыру кешені салынып жатыр

  • 190
  • UPD: 12:31, 19.04.2019

Қостанай облысының Жітіқара қаласында бұрын-соңды болмаған ауқымды дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеріп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда бір мезгілде 300 адам қалаған спорт түрімен айналыса алады. Кешенде шағын футбол, волейбол, баскетбол, күрес түрлеріне арналған жеке алаңдар қарастырылған. Жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 435 миллион теңге бөлінген. Нысан тұрғындарға тамыз айында пайдалануға берілмек.

Юрий Черныш, Жітіқара ауданы спорт бөлімінің басшысы:

– Аудан бойынша спорт нысандары жетіспейді. Осындай кешеннің құрылысын көптен күттік. Енді дене шынықтыруға ден қоятындар саны артады деген сенімдеміз. Спортшыларымыз соңғы үлгідегі алаңдарда дайындық өткізеді. Біз облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстарды қабылдай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы